ЕЛІМІЗДЕ "ЕЛБАСЫ МЕДАЛІ" ЖОБАСЫ БАСТАЛДЫ » Жібек жолы мектеп-лицейі
Жамбылская область
Коммунальное государственное учреждение
"Жібек жолы мектеп-лицейі"
отдела образования Шуского района
Приемная
+7(72643)2-20-52
Әкімші бөлімі:
+7(72643)2-19-76
Версия для
слабовидящих
» » ЕЛІМІЗДЕ "ЕЛБАСЫ МЕДАЛІ" ЖОБАСЫ БАСТАЛДЫ
16
ноябрь
2020

ЕЛІМІЗДЕ "ЕЛБАСЫ МЕДАЛІ" ЖОБАСЫ БАСТАЛДЫ

Толеуова А.И.
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында «Елбасы Академиясы» Корпоративтік қоры басшысының орынбасары Әнуар Жанғозин талантты жастарды қолдауға арналған жаңа бағдарламаның басталғаны туралы хабарлады.
«Елбасы Медалі» бағдарламасын “El Úmiti” бастамасы аясында ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының қоры және «Елбасы Академиясы» Корпоративтік қоры жүзеге асырады.
Бағдарламаның негізгі символы - жетістіктің 7 жебесіне баланған. Ол - жасөспірімдердің қабілетін дамытуға, жас қазақстандықтардың рухын биік ұстауға, жаңа ұрпақтың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға арналған 7 бағыт. Бұл - спорт, дарындылық пен дағдыны дамыту, кітап оқу, волонтерлік, ұлттық мұра, туристік және жұмыс тәжірибесі. Мәселен спорт болса, оның түрін қатысушы өзі таңдайды.
Бағдарлама 14 пен 29 жас аралығындағы балалар мен жастарға арналған. Ол үш деңгейде болады: қола, күміс және алтын. Қола 14 жастан бастап, күміс 15 жастан бастап, алтын 16 жастан бастап қатысушыларға белгіленетін болады. Әр деңгейде қатысушылардың сабақ ұзақтығы мен жиілігіне қойылатын талаптар ұсынылған. Әр деңгейде қатысушылардың сабақтарының ұзақтығы мен жиілігіне талаптар қойылады. Қола деңгейге жету үшін 6 ай, күміске 12 ай және алтынға 18 ай қажет.
Айналасындағы әлемді және өмірін түбегейлі өзгерткісі келетін балалар мен жастар үшін әдістемелік және ұйымдастыру жүйесі Қордың қолдауымен құрылды. Қатысушылар өздерінің жетістіктерін бағалайтын тәлімгерлермен араласады. Бағдарламаның негізгі міндет - 7 бағыт бойынша мақсат қойып, оларға жүйелі түрде қол жеткізу.
«Жібек жолы мектеп-лицейі» КММ бойынша «Елбасы Медалі» жобасына 9 сынып оқушысы Манатбек Арсен мен 11 сынып оқушысы Мухамедова Диана қатысып жатыр.
Қазіргі жағдайда адамның жетістігі тек қана кәсіби деңгейде ғана емес. Жұмсақ дағдылардың soft skills (эмоционалды интеллект, көшбасшылық, жауапкершілік, өзін-өзі басқару, бейімделу жылдамдығы, әдептілік және т.б.) болуы маманға деген сұранысты, оның бәсекеге қабілеттілігін арттырады. «Елбасы Медалі» бағдарламасы - қатысушылардың осындай қасиеттерін арттыруға бағытталған.
Бағдарламаға қатысу арқылы жастар өз уақыттарын басқаруды, алдына мақсат қоюды және оларға жүйелі түрде қол жеткізуді үйренеді; салауатты өмір салтын ұстанатын болады және өзін-өзі үнемі дамытады.
Көрсетілген нәтижелер негізінде бағдарлама қатысушылары алтын, күміс және қола медальдермен марапатталады.
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіп бойынша, егер жинаған баллы өзгелермен тең болған жағдайда, «Елбасы медалінің» иегерлері білім грантын алуға, сонымен қатар жоғары білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша білім алып жатқандардың құрамына енуге құқылы.