Жаңа оқу жылының педагогикалық кеңесі өткізілді » Жібек жолы мектеп-лицейі
Жамбылская область
Коммунальное государственное учреждение
"Жібек жолы мектеп-лицейі"
отдела образования Шуского района
Приемная
+7(72643)2-20-52
Әкімші бөлімі:
+7(72643)2-19-76
Версия для
слабовидящих
» » Жаңа оқу жылының педагогикалық кеңесі өткізілді
20
август
2020

Жаңа оқу жылының педагогикалық кеңесі өткізілді

2020 жылдың 19 тамызы күні  2020-2021 оқу жылының жалпы республикалық педагогикалық кеңесі «2020-2021 оқу жылында оқу процесін ұйымдастыру» тақырыбында қашықтан өткізілді. Мектептің ұжымына алдын ала сілтеме жіберілді.
Педагогикалық кеңестің мақсаты: коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеуге байланысты карантиндік шаралар жағдайында жаңа 2020-2021 оқу жылындағы оқыту ерекшеліктерімен педагогтарды  хабардар ету.
2020-2021 оқу жылының педагогикалық кеңесінің жоспарында белгіленген тақырыптар қарастырылды. Сонымен қатар жаңа оқу жылындағы оқу форматтары; оқытудың штаттық режимінде санитарлық талаптарды сақтау; 1-4 кезекші сыныптардың жұмыс режимі және жұмыс істеу қағидалары; қашықтан оқыту: мұғалімнің жұмыс орны және ережелер; техникалық дайындық және жұмыс орны; қашықтан өткізетін сабақты әзірлеу алгоритмі; педагог имиджі және этикетті сақтау; мектепте қашықтан оқытудапайдаланатын білім беру интернет-платформасымен танысу; жаңа оқу жылында білім алушыларды бағалау ерекшеліктері және баланы өз бетінше жұмыс істеуге және оқуға қалай ынталандыру керек?тақырыптары қарастырылды.
Санитарлық-эпидемиологиялық жағдайға байланысты, коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу мақсатында мектеп-лицейде оқыту форматы әр өңірдегі санитарлық - эпидемиологиялық жағдайға байланысты болды.
Мектеп директоры А.ДЖангарашева оқыту форматын таңдауды түсіндірді.Қосымша білім беру ресурсы ретінде қазақ тіліндегі «Балапан», орыс тіліндегі «ЕлАрна» телеарналарында теле сабақтар ұсынылатын болатыны айтылды.