10 тамыз - Абай күні » Жібек жолы мектеп-лицейі
Жамбылская область
Коммунальное государственное учреждение
"Жібек жолы мектеп-лицейі"
отдела образования Шуского района
Приемная
+7(72643)2-20-52
Әкімші бөлімі:
+7(72643)2-19-76
Версия для
слабовидящих
09
август
2020

10 тамыз - Абай күні

«Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы №689 қаулысына толықтыру енгізу туралы «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысымен  «Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы № 689 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2017 ж., № 53, 343-құжат) мынадай толықтыру енгізілді:  «22-1.Абай күні – 10 тамыз».
Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі»,- делінген Қаулыда. Осыған байланысты мемлекет басшысы үкіметке бірқатар тапсырма берді. Атап айтқанда, 2019ж. 1 шілдеге дейін Абай Құнанбайұлының 175 жылдығын дайындау және өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссия құрылуы тиіс. Ал 1 қазанға дейін мерейтойдың жалпыреспубликалық жоспары бекітілуі керек. 


Бұдан өзге мемлекет басшысы "Жидебай-Бөрілі" мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-музейін жаңғыртуды, Абайдың мерейтойына арналған халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізуді, ақын еңбектерін шет тілдерге сапалы аудару сияқты шараларды іске асыруды тапсырды.
Сондай-ақ, Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын Біріккен Ұлттардың Білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі ұйымы (ЮНЕСКО) мен Халықаралық түркі мәдениеті ұйымы (ТҮРКСОЙ) аясында мерекелеуді ұйымдастыру жөніндегі мәселені пысықтауға да қаулы етті. Мерейтойды ұйымдастыру жауапкершілігі президент әкімшілігіне жүктелді.
Осыған дейін Үкімет 10 тамызды «Абай күні» деп белгілеп, ресми мерекелер қатарына енгізу туралы ұсынысты «Ашық Үкімет» порталында қоғамдық талқылауға ұсынған еді. Ұсыныс 26 маусымда жарияланып, 13 шілдеде аяқталуы тиіс болған.
Айта кетейік, осыған дейін Абайдың туған күніне қатысты ел пікірі екіұшты болып келді. Абайтанушылардың бір бөлігі Абайдың туған күні 23 тамыз екенін айтады. Тағы бір бөлігі 10 тамыз дегенді алға тартады. Ал ЮНЕСКО көлемінде тойланған Абайдың 150 жылдығы 10 тамыз болып белгіленген.  Енді сол күн ресми түрде бекітіліпті. Бұл туралы Үкімет арнайы Қаулы шығарып, Заңға өзгерістер енгізген. Ол бойынша, президент Тоқаевтың бастамасымен биыл ел көлемінде аталып өтілетін Абайдың 175 жылдығы 10 тамызға белгіленді.
Әуелде (Covid-19 пандемиясы алдында) Президент ұсыныс айтып, арнайы мемлекеттік комиссия құрылғаннан кейін өңірлерде бірлі-жарым мәдени іс-шаралар өткізіле бастады. Абайдың есімі көшелер мен мектептерге берілді. Одан бөлек, өңірлерде ақын мерейтойына арналған түрлі іс-шаралар өткізілді.