18
июнь
2020
Сабақты зерттеу (LessonStudy):бірлескен оқу тәжірибесі
«Жібек жолы мектеп-лицейі» КММ
Ибашова Каламкас Есеновна
Динамика мен өзгерістерге толы бүгінгі күні әр педагогтың негізгі мақсаты – өз кәсіби деңгейін үнемі дамытып отыру. Ал бұл жұмыстың ең тиімді әрі қолжетімді екі түрі бар:
1) сабақтарды бірлесе жоспарлау;
2) өзара сабақтарға қатысып, оларды жақсарту мақсатында талдау мен талқылау.
Осы екі әрекетті де қамтитын бірден бір құрал - Сабақты зерттеу (немесе Lesson Study) әдісі. Сабақты зерттеу әдісі (Lesson Study) мұғалімдердің кәсіби біліктілігін тұрақты түрде дамытудың тиімді амалы екендігі барша педагогикалық жұртшылыққа мәлім.
Осыдан 3-4 жыл бұрын бұл әдіс туралы еліміздің педагогтары негізінен жапон ғалымы Тошиа Чичибу мен ағылшын педагогы Пит Дадлидің нұсқаулықтары бойынша ғана теориялық білімдерін толықтырса, соңғы кезде Педагогикалық шеберлік орталығында көптеген сапалы оқу құралдары жарық көруде. Бұл басылымдардың еліміздің педагогтарына Сабақты зерттеу (Lesson Study) әдісінің мазмұны бойынша құнды мәліметтер беріп, олардың тәжірибесінің жақсаруына көп септігін тигізетіндігі сөзсіз.
Көптеген түрлі құралдардың арқасында еліміздің педагогтары Сабақты зерттеу (Lesson Study) әдісі туралы өз түсініктерін кеңейтуде, оның ерекшеліктерімен танысуда. Күні кеше басқа ұстаздардың сабақтарына қатысушылар негізінен тек мұғалімнің әрекеттерін бақылап, олардың кем-кетік жерлерін тізбектеп, сабақ талқылауда сол кемшіліктерді тілге тиек етіп, мұғалімге ақыл айтып, нұсқау беретін. Ал бүгінде Сабақты зерттеу (Lesson Study) әдісі бойынша сабаққа қатысқандар өздері таңдаған зерттеу проблемасы ауқымында оқушының әрекеттерін бақылап, олардың қалай оқитындықтарына назар аударып, оқушылармен сұхбаттасып, олардың оқудағы жетістіктері мен қиындықтарын айқындап, сабақты талқылағанда осыларды дерек ретінде қолданып, сабақты жақсартуға қолданады.
2018-2019 оқу жылындағы жүргізілген зерттеу жұмысымның тақырыбы “Оқушылардың өзін-өзі бағалау дағдысын қалыптастыру”.
«Бірлескен оқу оқушының бағалау дағдыларына қалай ықпал етеді?» сұрағы төңірегінде зерттеу жұмысы жүргізіліп, фокус тобы құрылып, жұмыс жоспарланып,жүргізілді.

Бірлескен оқу оқушының бағалау дағдыларына қалай ықпал етеді?
Проблемалық сұрақты зерттеп,нәтиже шығару не берді?
- Мұғалім мен сыншыл дос арасында бірлескен жұмыс үнемі жүріп отырады нәтижесінде бірлескен оқу үдерісі қарқын алады;
- Зерттеу тобындағы мұғалімдер өз білімдерін жетілдіреді;
- Ынтымақтастық атмосфера арта түседі:
- Әр атқарылған зерттеу жұмысын талдау, пікір алмасу , бір нәрсе түсініксіз болған жағдайда зерттеушіге проблеманы табуға рефлексиялау үдерісі көмектесе алып, ілгері жұмыс жасауға ықпал етеді
- Өзінің жеке кәсіби қызметін ғылыми және әдістемелік әдебиет тұрғысынан жағдайға жаңа көзқарас туындайды
- Өзін-өзі реттеуге мүмкіндік туады.
- Өз тәжірибемді терең ұғына бастадым
Сыныптың ішкі проблемасын байқауға, оның себеп-салдарын нақты анықтауға мүмкіндік береді
Сабақты зерттеу (Lesson Study) әдісінің өз тәжірибемнен туындаған мынандай негізгі ұстанымдарына тоқталған орынды деп ойлаймын:
- сабақ беру барысында туындаған қандай да бір өзекті мәселені (теориялық, әдістемелік немесе қарым-қатынас саласындағы проблеманы) шешу мақсатында сабақты бірлесе жоспарлау,
- сабаққа қатысу барысында оқушылардың үйрену әрекеттерін бақылау, олардың жетістіктері мен қиындықтарын айқындау,
- оқушылармен сабақтан кейін (сабаққа дейін де болады) сұхбаттасу арқылы олардың мұң-мұқтаждарын, сұраныс-тапсырыстарын анықтау, оларды сабақ барысында ескеру, жүзеге асыру,
- сабақтан кейінгі талқылауда оқушыларды бақылау мен сұхбаттасу нәтижелерін қолданып, сабаққа жағымды өзгерістер енгізу, сабақ жоспарын жақсарту.
Преподавателидің жұмысы осылайша мынандай айналым аумағында жалғаса береді: «проблема айқындау – проблеманың теориялық мәселелері мен шешу жолдарын коучинг арқылы айқындау – бірлесе жоспарлау – өзара сабаққа қатысу – сабақты талдау – сабақ жоспарын жақсарту».
Олардың кәсіби әрекеттері «Бірлесу, ақылдасу, қолдау» ұғымдары аясында жүзеге асырылады. Осылайша Сабақты зерттеу (Lesson Study) әдісі мұғалімдерді тұрақты түрде, толассыз кәсіби шеберлігін дамытуға ынталандырып, ұжымдағы ынтымақтастықты дамыта түседі.
Осы себепті де көптеген мектептер өз жұмысын Сабақты зерттеу (Lesson Study) топтарына (LS топтары – автор) негіздей бастаған. Бұл дұрыс та, өйткені мұндай топтарда мұғалімдер өзін-өзі басқарып, өз әлеуеттерін өздігімен дамытатын орта қалыптастырады. Осылайша LS топтарын тоқтаусыз, толассыз, тұрақты түрде өзін-өзі реттейтін, өзін-өзі дамытатын мектептің негізгі құрамдас бөліктеріне айналдырған дұрыс. Мүмкіндігінше барлық мұғалімдерді осы топтардың жұмысына араластырған абзал болар еді.
Мұндай жұмыс мұғалімдердің сабаққа дайындалу және сабақты бақылау мәдениетінің өзгеруіне алып келетіндігі даусыз.
Мәселен, бұрынырақта мұғалімдер сабаққа «түнде, үйде, жалғыз» форматында дайындалса, енді олар сабақ жоспарларын «күндіз, мектепте және бірлесе» форматы ауқымында дайындайды. Қазіргі күні көп мектептер осы қағиданы ұстанып, сабақ жоспарларын бекітуді әр күннің кешіне қалдыруда: мұғалімдер директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарына бекіту үшін өздерінің бірлесе құрастырған сабақ жоспарларын ұсынады.
LS тобының жұмысын мынандай қадамдардан ұйымдастыруға болады деген ұсыныс жасаймын:
І. Сабаққа дейін.
1) LS тобын құру.
2) Lesson Study-дің мақсатын және күтілетін нәтижелерді айқындау.
3) Таңдалған проблема ауқымында коучинг өткізіп, мәселенің теориялық мазмұнын ашу, мүмкін шешімдерін таңдау.
4) Сабақты бірлесе жоспарлау.
5) Бақыланатын оқушылар мен шағын топтарды, бақылау барысы мен интервьюде қолданылатын құралдарды, қадағалау, сұхбат алу (аудио,видео,жартылай құрылымдалған) түрлерін таңдау.
6) Оқушылардан сабаққа дейін сұхбат алу.
7) Оқушылардан алған сұхбат негізінде сабақ жоспарына өзгертулер енгізу
ІІ. Сабақ кезінде.
Lesson Study сабағы.
8) оқушыларды бақылау.
ІІІ. Сабақтан кейін.
9) Оқушылардан сабақтан кейін сұхбат алу.
10) Сабақты талқылау, сабақ жоспарына өзгерістер енгізу, сабақ жоспарының жақсартылған слабовидящихн дайындау.
LS топтарының жұмысы туындаған проблеманы шешу мақсатында кемінде топтастырылған үш сабақтық циклден құралуы керек, өйткені бір немесе екі сабақ ауқымында проблеманы шешуінің объективті болуы екіталай.
Сабаққа дейін оқушыдан интервью алу арқылы педагогтар оқушылардың білім алу, оқу мен үйрену барысындағы мұң-мұқтажы мен мүддесін, қалауы мен тапсырысын, сұранысы мен ынтасын анықтау мүмкіндігін беріп, оқыту мен үйретуді соларға бейімдейді. Бұл жәйттің сабақ сапасына жағымды ықпал жасайтындығы сөзсіз. Бұған қоса оқушыларда өзіне деген сенімі артып («Преподаватели менің пікіріммен санасады екен! Менің пікірім құнды екен! Менің ұсыныстарым сабақ барысында пайдаланды!»), өз біліміне деген жауапкершілігі де ұлғаяды.
Сабаққа дейін оқушыларға мынандай сұрақтар қоюға болатын шығар: «Алдағы сабақтан не күтесіз? Не білгіңіз келеді? Осы тақырыптың ең басты ұғымдары қандай деп ойлайсыз? Осы сабақта қандай әдіс-тәсілдерді қолданған тиімді болады деп ойлайсыз? Топтарға қалай бөлу керек? Сіз кіммен бір топта отырғыңыз келеді? Сізге сыныпта кім жақсы көмектеседі? Сабақтың нәтиже «өнімі» қандай болуы керек деп ойлайсыз? Мұғалім болсаңыз, бұл сабақты қалай өткізер едіңіз?» және т.б.
Белгіленген мерзім соңында (тоқсан немесе оқу жылы) әр LS тобы мектептің алқалы бір жиынында өз портфолиоларымен барша жұртты таныстырып, жұмыстарын қорытындыласа.
Портфолиоға жиналатын құжаттар мен дәлелдемелерді қиындатпаған жөн, оның мазмұнын мұғалімдердің өздері айқындауы керек. Портфолиоға қойылатын талаптар алдын-ала елдің назарына ұсынылып, талданып-талқыланып, педагогикалық кеңесте бекітілсе дұрыс болар еді. Мұнда мынандай дәлелдемелердің болғаны орынды: сабақ жоспарлары (әсіресе әр сабақтың алғашқы жоспары мен оның өзгертілген, жақсартылған нұсқаларының болғаны дұрыс: бұл оларды салыстыру мүмкіндігін береді), бақылау мен интервью парақтары, сабақты талқылаудың хаттамасы (егер жүргізілсе), оқушылардың сабақтағы жазбаша жұмыс үлгілері, фотосуреттер, видеожазбалар (егер жүргізілсе), теориялық материалдар мен ресурстар, коучингтердің жоспарлары, оқушылардың сабаққа берген кері байланысы мен сабақ туралы рефлексиясы, қатысушылардың жазбаша пікірлері, т.б.
LS топтарының жұмыс нәтижелерін қорытындылауды ықшам сабақтар көмегімен де жүзеге асыруға болады. Ол үшін каникул уақытында барлық LS топтарын бір уақытта бір жерге (мектептің үлкен дәлізіне, спортзал немесе мәжіліс залына) жинап, оларға жеребе бойынша өзекті бір проблеманы таңдауды міндеттеп, оны шешу мақсатында сабақ жоспарын құрастыруды (мәселен, 45 минут ауқымында) ұсынған орынды (Бұл жерде топтарға коучинг ұйымлдастыруды да тапсыруға болады). LS топтары сабақ жоспарларын құрастырғаннан кейін тақ нөмірлі топтар жұп санды топтарға барып, оларға өздері құрастырған сабақтарының 20 минуттық үзіндісін көрсетеді. Сабақ үзіндісі аяқталғаннан кейін екі топ бірігіп, 20 минут ауқымында сабақты талқылайды, сабақ жоспарына өзгерістер енгізеді. Талқылаудан кейін енді жұп нөмірлі топтар тақ санды топтарға барып, дәп осылай өз сабақтарының үзіндісін көрсетіп, талқылайды.
Осы іс-шараның басынан аяғына дейін мектеп әкімшілігі мүшелерінен (немесе деңгейлік курс аяқтаған тәжірибелі мұғалімдерден) құралған сарапшылар тобы әр LS тобының жұмысын бақылап, олардың қалай жұмыс жасап жатқандарын алдын-ала қабылданған критерийлер бойынша бағалайды. Жұмыс соңында сарапшылар LS топтарының жұмысына талдау мен талқылауды ұйымдастырып, шағын сабақтарды қорытындылап, мұғалімдерге кері байланыс береді. Осылайша 3-4 сағат көлемінде барлық LS топтарының жұмысын қадағалап шығуға болады.
Сонымен, мектеп мұғалімдерінің кәсіби біліктілігін тұрақты түрде дамыту ісін 4-6 адамдық LS топтары ауқымында ұйымдастырған тиімді деп есептеуге тұрарлық. Өзін-өзі басқару, реттеу мен дамытудың ұтымды құралы ретінде LS топтары ұстаздарға бірлесе жоспарлау, тәжірибеде туындаған проблемаларды коучинг пен тәлімгерлік арқылы шешу, сабақ жоспарларын жақсарту үшін сабақтарды бірлесе талдау мен талқылау секілді тиімді әдіс-тәсілдерді қолдану дағдыларын үздіксіз дамыту мүмкіндігін ұсынады
Анықталған факторлар:
-оқушылармен тиімді кері байланысты қамтамасыз ету;
- Өзіндік оқуға оқушының белсенді қатысуы, оқушы өзін-өзі бағалай алуы
- бағалау нәтижелерін ескере отырып бірлескен оқытуды түрлендіру;
- өз бетінше өзін-өзі, өзгені бағалауды жүзеге асыру жұмысын жалғастыру;
- Өзара бағалау арқылы бірге оқитын оқушылармен бірлесіп жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру
Осы аталған факторларды келер жылғы зерттеуде жалғасын табады.
3 циклдан тұрған зерттеу жұмысының нәтижесінде проблемамыз шешіліп, келесі «Сабақта проблемалық жағдайларды шешудегі когнитивті дағдылардың әсері» проблемасы туындап отыр.
Сондықтау келер жылы осы проблеманы шешу үшін зерттеу жұмысы өз жалғасын табады.
Ибашова Каламкас Есеновна
Динамика мен өзгерістерге толы бүгінгі күні әр педагогтың негізгі мақсаты – өз кәсіби деңгейін үнемі дамытып отыру. Ал бұл жұмыстың ең тиімді әрі қолжетімді екі түрі бар:
1) сабақтарды бірлесе жоспарлау;
2) өзара сабақтарға қатысып, оларды жақсарту мақсатында талдау мен талқылау.
Осы екі әрекетті де қамтитын бірден бір құрал - Сабақты зерттеу (немесе Lesson Study) әдісі. Сабақты зерттеу әдісі (Lesson Study) мұғалімдердің кәсіби біліктілігін тұрақты түрде дамытудың тиімді амалы екендігі барша педагогикалық жұртшылыққа мәлім.
Осыдан 3-4 жыл бұрын бұл әдіс туралы еліміздің педагогтары негізінен жапон ғалымы Тошиа Чичибу мен ағылшын педагогы Пит Дадлидің нұсқаулықтары бойынша ғана теориялық білімдерін толықтырса, соңғы кезде Педагогикалық шеберлік орталығында көптеген сапалы оқу құралдары жарық көруде. Бұл басылымдардың еліміздің педагогтарына Сабақты зерттеу (Lesson Study) әдісінің мазмұны бойынша құнды мәліметтер беріп, олардың тәжірибесінің жақсаруына көп септігін тигізетіндігі сөзсіз. Көптеген түрлі құралдардың арқасында еліміздің педагогтары Сабақты зерттеу (Lesson Study) әдісі туралы өз түсініктерін кеңейтуде, оның ерекшеліктерімен танысуда. Күні кеше басқа ұстаздардың сабақтарына қатысушылар негізінен тек мұғалімнің әрекеттерін бақылап, олардың кем-кетік жерлерін тізбектеп, сабақ талқылауда сол кемшіліктерді тілге тиек етіп, мұғалімге ақыл айтып, нұсқау беретін. Ал бүгінде Сабақты зерттеу (Lesson Study) әдісі бойынша сабаққа қатысқандар өздері таңдаған зерттеу проблемасы ауқымында оқушының әрекеттерін бақылап, олардың қалай оқитындықтарына назар аударып, оқушылармен сұхбаттасып, олардың оқудағы жетістіктері мен қиындықтарын айқындап, сабақты талқылағанда осыларды дерек ретінде қолданып, сабақты жақсартуға қолданады.
2018-2019 оқу жылындағы жүргізілген зерттеу жұмысымның тақырыбы “Оқушылардың өзін-өзі бағалау дағдысын қалыптастыру”.
«Бірлескен оқу оқушының бағалау дағдыларына қалай ықпал етеді?» сұрағы төңірегінде зерттеу жұмысы жүргізіліп, фокус тобы құрылып, жұмыс жоспарланып,жүргізілді.

Бірлескен оқу оқушының бағалау дағдыларына қалай ықпал етеді?
Проблемалық сұрақты зерттеп,нәтиже шығару не берді?
- Мұғалім мен сыншыл дос арасында бірлескен жұмыс үнемі жүріп отырады нәтижесінде бірлескен оқу үдерісі қарқын алады;
- Зерттеу тобындағы мұғалімдер өз білімдерін жетілдіреді;
- Ынтымақтастық атмосфера арта түседі:
- Әр атқарылған зерттеу жұмысын талдау, пікір алмасу , бір нәрсе түсініксіз болған жағдайда зерттеушіге проблеманы табуға рефлексиялау үдерісі көмектесе алып, ілгері жұмыс жасауға ықпал етеді
- Өзінің жеке кәсіби қызметін ғылыми және әдістемелік әдебиет тұрғысынан жағдайға жаңа көзқарас туындайды
- Өзін-өзі реттеуге мүмкіндік туады.
- Өз тәжірибемді терең ұғына бастадым
Сыныптың ішкі проблемасын байқауға, оның себеп-салдарын нақты анықтауға мүмкіндік береді
Сабақты зерттеу (Lesson Study) әдісінің өз тәжірибемнен туындаған мынандай негізгі ұстанымдарына тоқталған орынды деп ойлаймын:
- сабақ беру барысында туындаған қандай да бір өзекті мәселені (теориялық, әдістемелік немесе қарым-қатынас саласындағы проблеманы) шешу мақсатында сабақты бірлесе жоспарлау,
- сабаққа қатысу барысында оқушылардың үйрену әрекеттерін бақылау, олардың жетістіктері мен қиындықтарын айқындау,
- оқушылармен сабақтан кейін (сабаққа дейін де болады) сұхбаттасу арқылы олардың мұң-мұқтаждарын, сұраныс-тапсырыстарын анықтау, оларды сабақ барысында ескеру, жүзеге асыру,
- сабақтан кейінгі талқылауда оқушыларды бақылау мен сұхбаттасу нәтижелерін қолданып, сабаққа жағымды өзгерістер енгізу, сабақ жоспарын жақсарту.
Преподавателидің жұмысы осылайша мынандай айналым аумағында жалғаса береді: «проблема айқындау – проблеманың теориялық мәселелері мен шешу жолдарын коучинг арқылы айқындау – бірлесе жоспарлау – өзара сабаққа қатысу – сабақты талдау – сабақ жоспарын жақсарту».
Олардың кәсіби әрекеттері «Бірлесу, ақылдасу, қолдау» ұғымдары аясында жүзеге асырылады. Осылайша Сабақты зерттеу (Lesson Study) әдісі мұғалімдерді тұрақты түрде, толассыз кәсіби шеберлігін дамытуға ынталандырып, ұжымдағы ынтымақтастықты дамыта түседі.
Осы себепті де көптеген мектептер өз жұмысын Сабақты зерттеу (Lesson Study) топтарына (LS топтары – автор) негіздей бастаған. Бұл дұрыс та, өйткені мұндай топтарда мұғалімдер өзін-өзі басқарып, өз әлеуеттерін өздігімен дамытатын орта қалыптастырады. Осылайша LS топтарын тоқтаусыз, толассыз, тұрақты түрде өзін-өзі реттейтін, өзін-өзі дамытатын мектептің негізгі құрамдас бөліктеріне айналдырған дұрыс. Мүмкіндігінше барлық мұғалімдерді осы топтардың жұмысына араластырған абзал болар еді.
Мұндай жұмыс мұғалімдердің сабаққа дайындалу және сабақты бақылау мәдениетінің өзгеруіне алып келетіндігі даусыз.
Мәселен, бұрынырақта мұғалімдер сабаққа «түнде, үйде, жалғыз» форматында дайындалса, енді олар сабақ жоспарларын «күндіз, мектепте және бірлесе» форматы ауқымында дайындайды. Қазіргі күні көп мектептер осы қағиданы ұстанып, сабақ жоспарларын бекітуді әр күннің кешіне қалдыруда: мұғалімдер директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарына бекіту үшін өздерінің бірлесе құрастырған сабақ жоспарларын ұсынады.
LS тобының жұмысын мынандай қадамдардан ұйымдастыруға болады деген ұсыныс жасаймын:
І. Сабаққа дейін.
1) LS тобын құру.
2) Lesson Study-дің мақсатын және күтілетін нәтижелерді айқындау.
3) Таңдалған проблема ауқымында коучинг өткізіп, мәселенің теориялық мазмұнын ашу, мүмкін шешімдерін таңдау.
4) Сабақты бірлесе жоспарлау.
5) Бақыланатын оқушылар мен шағын топтарды, бақылау барысы мен интервьюде қолданылатын құралдарды, қадағалау, сұхбат алу (аудио,видео,жартылай құрылымдалған) түрлерін таңдау.
6) Оқушылардан сабаққа дейін сұхбат алу.
7) Оқушылардан алған сұхбат негізінде сабақ жоспарына өзгертулер енгізу
ІІ. Сабақ кезінде.
Lesson Study сабағы.
8) оқушыларды бақылау.
ІІІ. Сабақтан кейін.
9) Оқушылардан сабақтан кейін сұхбат алу.
10) Сабақты талқылау, сабақ жоспарына өзгерістер енгізу, сабақ жоспарының жақсартылған слабовидящихн дайындау.
LS топтарының жұмысы туындаған проблеманы шешу мақсатында кемінде топтастырылған үш сабақтық циклден құралуы керек, өйткені бір немесе екі сабақ ауқымында проблеманы шешуінің объективті болуы екіталай.
Сабаққа дейін оқушыдан интервью алу арқылы педагогтар оқушылардың білім алу, оқу мен үйрену барысындағы мұң-мұқтажы мен мүддесін, қалауы мен тапсырысын, сұранысы мен ынтасын анықтау мүмкіндігін беріп, оқыту мен үйретуді соларға бейімдейді. Бұл жәйттің сабақ сапасына жағымды ықпал жасайтындығы сөзсіз. Бұған қоса оқушыларда өзіне деген сенімі артып («Преподаватели менің пікіріммен санасады екен! Менің пікірім құнды екен! Менің ұсыныстарым сабақ барысында пайдаланды!»), өз біліміне деген жауапкершілігі де ұлғаяды.
Сабаққа дейін оқушыларға мынандай сұрақтар қоюға болатын шығар: «Алдағы сабақтан не күтесіз? Не білгіңіз келеді? Осы тақырыптың ең басты ұғымдары қандай деп ойлайсыз? Осы сабақта қандай әдіс-тәсілдерді қолданған тиімді болады деп ойлайсыз? Топтарға қалай бөлу керек? Сіз кіммен бір топта отырғыңыз келеді? Сізге сыныпта кім жақсы көмектеседі? Сабақтың нәтиже «өнімі» қандай болуы керек деп ойлайсыз? Мұғалім болсаңыз, бұл сабақты қалай өткізер едіңіз?» және т.б.Белгіленген мерзім соңында (тоқсан немесе оқу жылы) әр LS тобы мектептің алқалы бір жиынында өз портфолиоларымен барша жұртты таныстырып, жұмыстарын қорытындыласа.
Портфолиоға жиналатын құжаттар мен дәлелдемелерді қиындатпаған жөн, оның мазмұнын мұғалімдердің өздері айқындауы керек. Портфолиоға қойылатын талаптар алдын-ала елдің назарына ұсынылып, талданып-талқыланып, педагогикалық кеңесте бекітілсе дұрыс болар еді. Мұнда мынандай дәлелдемелердің болғаны орынды: сабақ жоспарлары (әсіресе әр сабақтың алғашқы жоспары мен оның өзгертілген, жақсартылған нұсқаларының болғаны дұрыс: бұл оларды салыстыру мүмкіндігін береді), бақылау мен интервью парақтары, сабақты талқылаудың хаттамасы (егер жүргізілсе), оқушылардың сабақтағы жазбаша жұмыс үлгілері, фотосуреттер, видеожазбалар (егер жүргізілсе), теориялық материалдар мен ресурстар, коучингтердің жоспарлары, оқушылардың сабаққа берген кері байланысы мен сабақ туралы рефлексиясы, қатысушылардың жазбаша пікірлері, т.б.
LS топтарының жұмыс нәтижелерін қорытындылауды ықшам сабақтар көмегімен де жүзеге асыруға болады. Ол үшін каникул уақытында барлық LS топтарын бір уақытта бір жерге (мектептің үлкен дәлізіне, спортзал немесе мәжіліс залына) жинап, оларға жеребе бойынша өзекті бір проблеманы таңдауды міндеттеп, оны шешу мақсатында сабақ жоспарын құрастыруды (мәселен, 45 минут ауқымында) ұсынған орынды (Бұл жерде топтарға коучинг ұйымлдастыруды да тапсыруға болады). LS топтары сабақ жоспарларын құрастырғаннан кейін тақ нөмірлі топтар жұп санды топтарға барып, оларға өздері құрастырған сабақтарының 20 минуттық үзіндісін көрсетеді. Сабақ үзіндісі аяқталғаннан кейін екі топ бірігіп, 20 минут ауқымында сабақты талқылайды, сабақ жоспарына өзгерістер енгізеді. Талқылаудан кейін енді жұп нөмірлі топтар тақ санды топтарға барып, дәп осылай өз сабақтарының үзіндісін көрсетіп, талқылайды.Осы іс-шараның басынан аяғына дейін мектеп әкімшілігі мүшелерінен (немесе деңгейлік курс аяқтаған тәжірибелі мұғалімдерден) құралған сарапшылар тобы әр LS тобының жұмысын бақылап, олардың қалай жұмыс жасап жатқандарын алдын-ала қабылданған критерийлер бойынша бағалайды. Жұмыс соңында сарапшылар LS топтарының жұмысына талдау мен талқылауды ұйымдастырып, шағын сабақтарды қорытындылап, мұғалімдерге кері байланыс береді. Осылайша 3-4 сағат көлемінде барлық LS топтарының жұмысын қадағалап шығуға болады.