"Мен OFFLINE" (оффлайн) республикалық акциясы аясында мектеп кітапханашылары » Жібек жолы мектеп-лицейі
Жамбылская область
Коммунальное государственное учреждение
"Жібек жолы мектеп-лицейі"
отдела образования Шуского района
Приемная
+7(72643)2-20-52
Әкімші бөлімі:
+7(72643)2-19-76
Версия для
слабовидящих
» » "Мен OFFLINE" (оффлайн) республикалық акциясы аясында мектеп кітапханашылары
24
январь
2020

"Мен OFFLINE" (оффлайн) республикалық акциясы аясында мектеп кітапханашылары

Қазіргі таңда балалардың басым бөлігі уақытын компьютермен және ұялы телефонмен өткізгенді ұнатады. Мамандар компьютерде ұзақ уақыт отыру, телефондағы ойындарды ойнау адам денсаулығына өте зиян екенін айтады. Компьютердің зияны туралы ондағы алуан түрлі ойындар жеткіншек балалар мен бүлдіршіндердің денсаулығына, жүйке жүйесіне зақым келтіретіні ғылыми негізде дәлелденген. Шу қ. «Жібек жолы мектеп-лицейі» КММ халықаралық интернетсіз күн "Мен OFFLINE" (оффлайн) республикалық акциясы аясында мектеп кітапханашылары көрме ұйымдастырды. Көрме ұйымдастырудың басты мақсаты – интернетке тәуелділіктің алдын-алудың бірден бір жолы оқушыларды бос уақыттарында қызықты әдебиет оқуға, кітаппен дос болуға шақыру.
Қазіргі техника қарыштап дамыған заманда адамның бір күндік өмірінің басым бөлігін интернетке тәуелділік алып жатқаны бәрімізге аян. Мектеп жасындағы оқушының өзі қолы қалт етсе, ұялы телефонға жармасып жататынын көріп жүрміз. Мінекей, біздің мектебіміздің оқушыларына арналған көрмеде интернеттің зиянын үгіттеліп, осы жаман әдет туралы кеңінен ақпараттар қойылған.

"Мен OFFLINE" (оффлайн) республикалық акциясы аясында мектеп кітапханашылары