Мектеп әкімшілігінің тарапынан оқушыларың дұрыс тамақтануын тексеру » Жібек жолы мектеп-лицейі
Zhambyl region
Municipal public institution
"Жібек жолы мектеп-лицейі"
Education Department of Shu district
Reception room :
+7(72643)2-20-52
Әкімші бөлімі:
+7(72643)2-19-76
Version for
visually impaired
» » Мектеп әкімшілігінің тарапынан оқушыларың дұрыс тамақтануын тексеру
13
December
2022

Мектеп әкімшілігінің тарапынан оқушыларың дұрыс тамақтануын тексеру

Асхананың кезекшілік кестесі құрылып, белгіленген уақыт бойынша білім алушылар уақытында тамақтанады. 1 ауысым бойынша  асханаға үшінші сабақтан кейін 15 минуттық үзілісте тамақтанса, екінші ауысымда  асханаға төртінші сабақтан кейін 15 минуттық үзілісте тамақтануға барады.

 2022-2023 оқу жылындағы асханадағы

Мектеп  әкімшілігінің асханадағы  кезекшілік кестесі.



Уақыты

Кезекшініңаты – жөні

1

Дүйсенбі

 Социолог:     Сатанова Г.Х.

2

Сейсенбі

ДҚТІЖО: Ернаурызов З.Б.

3

Сәрсенбі

Психолог: Джуманбаева Ж.Қ.

4

Бейсенбі

Психолог: Шауенова Ш.Н.

5

Жұма

ДТІЖО: Абдыманапова Н.С.


Мектепте ата-аналармен жүйелі жұмыс жүргізіледі: ата-аналар жиналыстарында балаларды ыстық тамақпен қамту қажеттілігі түсіндіріледі; мектеп оқушыларымен тамақтану мәдениетін қалыптастыру бойынша және салауатты өмір салтын насихаттау бойынша ақпараттық және тәрбие жұмыстары: оқушыларды ыстық тамақтануға қатыстыру бойынша сынып сағаттары, сыныптан тыс шаралар өткізілген.

Оқушыларды тамақтандыру  белгіленген кестеге сәйкес жүргізіледі. Мектеп  әкімшілігінің асханадағы  тамақтану кезіндегі оқушылардың тәртібін қадағалайды.

Тамақтану блогы түрі – асхана.

Отыратын орындар саны 50 орын.

Тамақтану блогының санитарлық-техникалық жағдайы санитарлық талаптарды қанағаттандырады.. Тағамдарды сақтау да санитарлық нормаларға сәйкес жүзеге асырылады. Қауіпсіздік техникасы ережелері сақталады, жұмыскерлермен тұрақты түрде ҚТ бойынша нұсқамалар жүргізіледі. Біздің асханада тағамдарды дұрыс сақтауға баса назар аударылады. Мектепте  әр түрлі тағам өнімдерін дұрыс сақтауға арналған тоңазытқыш камералар бар, мұнда әр тағам түрі жеке сақталады. Олардың бар болуы тағам өнімдерінің сапасын тікелей дайындағанға дейін сақтауға жағдай жасайды. Тамақтану блогы жұмыскерлерінің арнайы жұмыс киімдерін киюі міндетті болып табылады. Бұл қажетті санитарлық гигиеналық нормаларды сақтауға мүмкіндік береді.

Мектепте ұйымдастырылған тамақтандырумен қатар буфет жұмыс жасайды. Мұнда әр түрлі пісірілген тағамдар  мен әр алуан шырындар сатылады. Мектептегі ауыз су режимін ұйымдастыру да аса маңызды мәселелердің бірі. Мектеп асханасы толықтай қажетті ыдыс-аяқпен жабдықталған. Оның тазалығына баса назар аударылады. Жуу мен залалсыздандыру барлық санитарлық-гигиеналық нормаларды сақтай отырып жүргізіледі, ең жақсы залалсыздандыру құралдары пайдаланылады. Мектептегі жұмыс жасаған уақыт ішінде асхананың кінәсінен асқазан-ішек жұқпасымен ауыру жағдайлары болған жоқ. Асханаға кіреберісте оқушылардың қолын жууға арналған арнайы орын бар. Дайындалған тағамдардың сыртқы түріне баса назар аударылады, сол себепті біздің аспаздар оған аса мән береді. Асханада houseжағдайындай жайлылық пен жылу сезінуге болады. Осылардың барлығы тамақтануға қосымша қолайлы жағдай жасайды.

Мектептегі тамақтандыруды ұйымдастыру жүйесінің міндеттері келесідей:

- оқушыларды толық ыстық тамақпен қамтамасыз ету;

- тағамның нәрлілігі мен үйлесімділігін қадағалау;

- оқушылара салауатты өмір салты ұстанымдарын үйрету;

- жағымды дағдыларды қалыптастырып, салауатты өмір салтына қажеттілікті қалыптастыру;

- тамақтану мәдениеті мен өзіне-өзі қызмет көрсету дағдыларын қалыптастыру;

Аталмыш міндеттердің шешімін табу үшін бірқатар қызметкерлер жұмылдырылған, олар ең алдымен асхана жұмыскерлері болып табылады.