«Жас физик» үйірмесі » Жібек жолы мектеп-лицейі
Zhambyl region
Municipal public institution
"Жібек жолы мектеп-лицейі"
Education Department of Shu district
Reception room :
+7(72643)2-20-52
Әкімші бөлімі:
+7(72643)2-19-76
Version for
visually impaired
04
May
2019

«Жас физик» үйірмесі

«Жас физик» үйірмесі Эльвира Кенжалинова физика пәнінің мұғалімі.
3-13 сәуір аралығында өткізілген тәрбие орталығы мен үйірме жұмысының онкүндігінің аясында «Жас физик» үйірмесінің жетекшісі ұйымдастыруымен үйірмеге қатысушы оқушылар арасында «Жас физиктер сайысы» өткізілді. Сайысқа 7 сынып оқушыларынан құралған екі топ – «Паскаль ізбасарлары» және «Жас физиктер» топтары қатысты.

Сайыс теориялық және эксперименттік бөлімдерден тұрды. Теориялық бөлімде әр түрлі сұрақтар қойылып, капитандар сайысы түрінде оқушылардың білімі тексерілді. Эксперименттік бөлімде оқушылар өз еріктерімен таңдаған эксперименттер қойып, жарысқа түсті. Физикалық құбылыстарды түсіндіріп, қызықты тәжірибелер қою арқылы қызығушылықтары арта түсті.

 Әділқазылар алқасы – мектеп директоры Джангарашева А.Т., ДТІЖО – Ордабаева Р.Р., ДҒІЖО – Толеуова А.И.және физика пәні мұғалімі – Джанкиева Б.Х. әділ баға беріп, сайыс қорытындысы бойынша «Паскаль ізбасарлары» тобы суырылып шығып, І орынды иеленді. «Жас физиктер» тобының көшбасшысы Эрфаниян Сара «Best капитан» номинациясын алды. Сыныптан тыс іс-шара оқушыларға өте қызықты өтті.


«Жас физик» үйірмесі