08
December
2023
Қазақ бала тәрбиесіне қатысты «Тәрбие- тал бесіктен» деген сөзді бекер айтпаған.
Ұрпақ тәрбиесі - ұлт болашағы
Қазақ бала тәрбиесіне қатысты «Тәрбие- тал бесіктен» деген сөзді бекер айтпаған. Даналығы мен даралығын, тәрбиесі мен өнегесін өсиет сөздерге сыйдырған халқымыз бұл мәселеге ерекше мән берген.
Баланың ақылды, әдепті болып өсуі- ата-ананың мерейі. Қоғам бала тәрбиесінде алшақ қалMay, мектеппен бірге қимыл жасау керектігін уақыт дәлелдеуде.
Ата-ана мен мектеп арасындағы ынтымақтастық қарым-қатынас орнатуға ықпал ету, кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық жасаудың алдын алу шараларын ұйымдастыру мақсатында 2023 жылдың 7 желтоқсан күні Жібек жолы мектеп-лицейінде ата-аналар жиналысы өтті. Шу ауданы әкімінің орынбасары Сұлтанбаев Найман Кенжеханұлы, Шу ауданы полиция бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Қойториев Дінмұхамед Лашынбайұлы, Municipal public institution әдіскері Асқарбек Айғаным ханымның қатысумен өткен ата-аналар жиналысына мектептің қамқоршылық кеңесінің мүшелері мен мектепішілік ата-аналар төрайымы Омарбекова Азиза Шайдулиновна шақырылды.
Жиналысты мектеп директоры Г.Тұрлыбек жүргізді. Жиналысқа қатысушылар көтерілген мәселеге қатысты терең ой қозғады. Жиналыс соңында қонақтар ата-аналар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріп, күн тәртібіндегі қаралған мәселені қорытындылады.