«Мәңгілік Ел алыбы» атты кітап көрмесі. » Жібек жолы мектеп-лицейі
Zhambyl region
Municipal public institution
"Жібек жолы мектеп-лицейі"
Education Department of Shu district
Reception room :
+7(72643)2-20-52
Әкімші бөлімі:
+7(72643)2-19-76
Version for
visually impaired
» » «Мәңгілік Ел алыбы» атты кітап көрмесі.
17
февраль
2021

«Мәңгілік Ел алыбы» атты кітап көрмесі.

«Жібек жолы мектеп-лицейі»КММ директорының ҒІЖО А.Толеуова.
"Бүгін менің туған күнім. Ой, бәле-ай! Мына адамдар неге жатыр тойлаMay?!" деп жырлаған ақын Мұқағали Мақатаевтың туғанына биыл 90 жыл толып отыр. «Жібек жолы мектеп-лицейі» КММ ақпан айы басталғалы ақынды еске алу мақсатында түрлі іс-шаралар ұйымдастырып, жоспарға сай өткізіп жатыр. Соның бірі - мектеп-лицей кітапханасының ұйымдастырған «Мәңгілік Ел алыбы» атты ақынның шығармаларынан кітап көрмесі.
Көрменің басты мақсаты: оқырмандарды ақынның мектеп қорындағы туындыларымен таныстыру, бірге ақынның өмір жолы мен шығармашылығына шолу жасау.
Кітап көрмесінде мектеп кітапханашысы Г.Атабаева оқушыларды ақынның шығармаларымен таныстырып, шығармалардан үзінділер оқып берді.
Өз заманында лайық бағасын ала алмаған ақынның өзінен кейінгілер үшін мәртебесі биік. Осы көрмеде 3 «ә» сынып оқушылары ақынның қаламынан туған жырларының шумақтарын жатқа айтты.