Дені сау бала – елдің келешегі» тақырыбындағы ата-аналар жиналысының жүргізілу тәртібі. » Жібек жолы мектеп-лицейі
Zhambyl region
Municipal public institution
"Жібек жолы мектеп-лицейі"
Education Department of Shu district
Reception room :
+7(72643)2-20-52
Әкімші бөлімі:
+7(72643)2-19-76
Version for
visually impaired
» » Дені сау бала – елдің келешегі» тақырыбындағы ата-аналар жиналысының жүргізілу тәртібі.
10
февраль
2023

Дені сау бала – елдің келешегі» тақырыбындағы ата-аналар жиналысының жүргізілу тәртібі.

Дені сау   бала – елдің келешегі»  тақырыбындағы   ата-аналар  жиналысының   жүргізілу  тәртібі.


Күн  тәртібінде:


1. 1. І жартыжылдық   қорытындысы туралы мектеп директорының есебі. 

Тұрлыбек Гүлбарам Қайшыбекқызы



2. "Салауатты өмір салты оқушының  жетістікке жету негізі"

Хабарламашы Тилеубаева Индира Татиябекқызы


3. Әр түрлі мәселелер


І жартыжылдық   қорытындысы туралы мектеп директорының 

Тұрлыбек Гүлбарам Қайшыбекқызы

есебі

2022-2023 оқу жылында «Жібек жолы  мектеп-лицейі» 43 сынып-жиынтығына 868 оқушы қамтылды. Оқу 5 күндікке ауыстырылды. Мектеп екі аусымда оқиды. Бірінші ауысымда 26 сыныпта 500 оқушы, екінші ауысымда 17 сыныпта 368 оқушы қамтылды. 10 сыныпқа қабылдау мектеп Жарғысына сәйкес жаратылыстану-математикалық  бағытындағы бейіндік пәндері  бойынша 67 оқушы қабылданды. Жалпы лицейлік сыныптар саны-26, оқушы саны-515. Онда математика, информатика, физика, химия, жаратылыстану,биология  пәндері тереңдетіліп оқытылуда. 

Сабақтың басталуы мен аяқталуы : 1 ауысым-8.00-14.45

                                                              2 ауысым-14.00-19-45 

         Мектеп бойынша  74 мұғалім

 

Teachersдің кәсіби бауқауларға қатысып жеткен жетістері:

Облыстық "Педагогикалық идеялар" фестивалінен 

1. ІІ орын - 1. ІІІ орын -1

2.  Көркемсөз оқу шеберлерінің “Елім менің “ атты байқауының облыстық кезеңінен ІІІ орын - 1.

3. Республикалық "Teachers спартакиадасына" волейболдан мұғалімдер арасындағы жарысынан І орын - 1

4. IХ Халықаралық шығармашылық байқауы   3 дәрежелі диплом - 1

6. Облыстық "Ұлттық ойындар фестивалі" І орын   - 1.

7. "Математикалық лига"1 облыстық олимпиадасы – Алғыс хат

8. «Алтын тұғыр» математикалық олимпиадасы - алғыс хатпен .

Лицейінде  дарынды оқушылардың қатысуымен “Жас жігер” оқушылардың  ғылыми қоғамының  жұмысы қарқынды жүруде.  Дарынды оқушылармен жүргізілетін  жұмысы 4 бағытта  жүргізеді:

  1. Олимпиада   мектебі

  2. Ғылыми   жобалар мектебі  

  3. Эрудиттер одағы 

   4.Спорт-денсаулық кепілі бағыты


2022-2023 оқу жылының жетістіктеріне тоқталар болсақ   5-6 сыныптар арасында Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың аудандық  кезеңінен 5 оқушы ,9-11 сыныптар арасындағы пәндік олимпиадаға қатысқан оқушылардың 1 орынды -2, 2 орынды-3, 3 орынды -6 оқушы иеленіп облысқа кезеңге 2-уі жолдама алды.  Экологиялық бағыттағы «Табиғат сырлары», «Адамзаттың табиғатсыз күні жоқ» байқауына 14 оқушы аудандық кезеңінің жеңімпаздары болса, 6 оқушы облыстық кезеңінің   марапатын иеленді. Ғылыми жоба байқауының  аудандық кезеңінде  6   оқушы қоржынымызды марапатпен толтырса, оның 3-уі облыстан орын алды. Республикалық этномәдени форумына 11 оқушы қатысып 1 орынды-2-еу, 2 орынды-7-еу, 3 орынды-2-еуі иеленді.Түрлі байқауларға 124 оқушы қатысып, түрлі марапаттарға ие болды, оның ішінде 32-сі   спорттық бағыттағы жетістіктер.

Оқушылар  қозғалысы

 






Білім  сапасының   мониторингі


Жылдық

  


Озат оқушы

 Екпінді оқушы

 

Үлгерімі  төмен оқушы

 


1, 2 – тоқсанның   салыстырмалы  көрсеткіші

Сыныбы

1-тоқсан білім сапасы

2-тоқсан білім сапасы

Өсу динамикасы

Үлгерім сапасы


2

80%

94%

+14

100%


3

59%

75%

+14

100%


12

75%

87%

+12

100%


15

35%

52%

+17

100%


19

60%

71%

+11

100%


32

10а

70%

82%

+12

100%



Сыныбы

1-тоқсан білім сапасы

2-тоқсан білім сапасы

Кему динамикасы

Үлгерім сапасы


7

92%

57%

-35

100%


36

11ә

58%

41%

-17

100%


Жалпы

67%

68%

+1

100%

2021-2022 о/ж

74%






Аз қамтылған отбасы балаларының ыстық тамақпен қамтылуы   туралы


Жібек жолы мектеп-лицейінің 2022-2023 оқу  жылындағы әлеуметтік төлқұжаты

№ 

Әлеуметтік жағдай

Саны


Мектеп бойынша бала саны

866


Отбасы түрлері бойынша :


1

Толық отбасы 

768

2

Толық емес отбасылары 

98

3

Анасы жоқ балалар 

5

4

Әкесі жоқ балалар 

17

5

Ажырасқан отбасы 

76

6

Көп балалы оқушылар

282

7

Қамқорлыққа алынған балалар

-

8

Аз қамтылған оқушылар

41

9

Мүгедек балалар , мүмкіндіктері шектеулі балалар

1

10

Мектепшілік есептегі оқушылар

3

11

Азаматтығы жоқ білім алушылар 

-

12

Басқа мемлекеттің азаматы болып табылатын білім алушылар 

-

13

Кәмлетке толмағандар ісі жөніндегі бөлімде есепте тұрғандар 

-


Ата аналарының     білімі :


1

Жоғары , жоғары білімнен кейінгі 

373

2

Техникалық және кәсіптік 

227

3

Орта 

168



   2022-2023  оқу жылының І жарты жылдығында  аз қамтылған, көпбалалы отбасынан шыққан  1-4 сынып аралығында 20 оқушы, 5-9 сынып аралығында 17 оқушы, 10-11 сынып аралығында 4 оқушы жалпы 17 отбасынан шыққан 41 оқушы, жергілікті бюджеттен тегін ыстық тамақпен қамтылып отыр. Оның ішінде 13 оқушы атаулы әлеуметтік  көмек алатын отбасынан, 25 оқушы алқалық комиссия шешімі бойынша, 3 оқушы жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күн көріс деңгейінің шамасынан төмен отбасынан,  тегін ыстық тамақпен қамтылған,  Жалпы алғанда, барлығы 41 оқушы күніне бір мезгіл тегін ыстық тамақпен қамтылса, аз қамтылған отбасы балаларының 1 күндік  ыстық тамақтарының бағасы 450 тг. құрайды. 

Мектепте тамақтың уақтылы берілуін, асхананың санитарлық-гигиеналық талаптарға сай болуын, ас мәзірінің дұрыс құрылуын, өнімнің сапасы мен шығу мерзімін қадағалау мақсатында мектепте бракераждық және мониторингтік комиссия құрылған. Бір мезгіл тегін ыстық тамақтың ас мәзірі аудандық білім бөлімінен жыл мезгілдеріне сай  жаздық-күздік, қыстық-көктемдік болып жылына екі рет беріліп отырады. Мектеп асханасындағы күнделікті ұсынылып отырған тағам түрлері санитарлық ережеге сәйкес, аудандық білім бөлімімен бекітілген,  ас мәзірінде көсетілген оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес мөлшермен дайындалады.   Күнделікті тамақтың сапасы мен сапалы берілу мөлшері (норма) мектептік құрылған бақылау топтары мен мектеп медбикелері тарапынан бақылауға алынған. Сонымен қатар, тамақтың сапасын анықтап отыру мақсатында мониторингтік комиссия құрамы құрылған. Комиссия құрамы айына екі рет асхана тамағының  сапасын тексереді және тексеру нәтижесінде хаттама толтырылады. Аптасына бір рет тамақтану мен тамақ пісіру орнына тазалық жасалынып, дезинфекция жасап отырады. Мектеп асханасында ұсынылатын тағамдар сапасы нормативке сай. Тамақтану  кестесі бойынша балалар  2 аусымда тамақтанады. I ауысым 10:25 мен 10:40 аралығында. II ауысым бойынша 16:25 мен 16:40 аралығында. Жоғарыда атап өткендей жыл мезгілдеріне сай салат түрлері өзгертіліп отырады, салатқа жемістер мен көкеністер сапалы түрде беріледі. 2022-2023 оқу жылында мектебімізде 41 оқушысы ыстық тамақпен қамтылған.

    Жергілікті бюджеттен бір мезгіл тегін ыстық тамақпен қамтылған оқушылардың тізімі Шу қаласы әкімімен бекітілген. Бас аспаз Кноль.М.В медициналық тексерістен уақытылы өтіп, биылғы жылы біліктілігін тағы бір санатқа көтеріп, 3 санаттағы аспаз біліктілігін алды. 

         Мектеп әкімшілігі  құрылған комиссия мүшелері асхана жұмысына зерделеу   жүргізіп, бір күндік сынаманы, ас мәзірін, асхананың  тазалығын, тоңазытқыштарды, азық-түліктердің  жарамдылық  мерзімдеріне   бақылау  жүргізеді. 

Перспективалық ас мәзіріне сәйкес ыстық тамақ күнделікті беріліп, қадағаланып отырылады. Тағамдарды дайындау технологиясы ас мәзіріне сай, беріліп  отыр. Аспазшылардың формасы таза жұмыс орны да талапқа сай. Шағым және ұсыныс журналы бар. Күнделікті тамақтың сынамасы алынады.   Мектеп асханасында санитарлық талаптар сақталған.  

           27 шілде 2022 жылы №400 бұйрығына сәйкес мектепте 23.08.2022 жылғы №123 бұйрық шығарылған, педагогикалық кеңесте әлеуметтік жағдайы төмен, көп балалы, аз қамтылған отбасы балаларының тізімі нақтыланды. «Мектепке жол» акциясы аясында демеушілік:  Жібек жолы мектеп лицейінің директоры Г.Қ.Тұрлыбек аз қамтылған, көп балалы отбасынан шыққан 1 сынып оқушысына  отыз жеті мың теңгеге (37000) мектеп формасын алып  берді.


Жеке кәсіпкер Амирмухамбетұлы Абдурахман көп балалы аз қамтылған отбасынан шыққан мектептің 3 оқушыларына мектеп формаларын алып берді


Қыркүйек айында мектебіміздің  психолог Ш.Н.Шауенова және әлеуметтік педагог  Г.Х  Сатанова он   мың теңгеге (10000) аз қамтылған отбасынан шыққан 1 сынып оқушысына құрал-жабдықтар салынған сөмкесін  берді.

Сонымен қатар «Аманат» партиясының ұжымынан   аз қамтылған  отбасынан шыққан 1  оқушыға жиырма мың  (20000) теңгеге спорттық киімдер берілді.


       2022 жылдың 28 желтоқсан күні  «Құралай» мейрамханасында Шу ауданы  әкімінің Жаңа жылдық шыршасына өтті. Әкім шыршасына мектебімізден 3 оқушы   қатысып, 15000 теңге көлемінде сертификат және «Рахат» фабрикасының тәттілері тарту етілді.


Облыс әкімінің шыршасына мектебімізден 1 оқушы  Тараз қаласында өткен 2 күндік мерекелік іс-шараға қатысып, 60.000 теңгелік ақшалай  сертификат пен сыйлықтар алды. Аталған оқушыға мектеп әкімшілігін тарапынан демеушілік көрсетіліп, барып келу жолақысы төленіп, мерекелік киім сыйға тартылды.


Жаңа жыл мерекесіне орай үйде оқытылатын 8 сынып оқушысына мектеп асхана ұжымы тәтті сыйлық  беріп, демеушілік көрсетті.  

Мектептің материалдық базасын нығайтуға демеушілік көрсеткен қайырымды ата-аналар:

  Бастауыш  сынып   оқушыларына  арнап №8 оқу кабинетіне жоMarch ата-анамыз Ахунбаев Абдулхамед мырза 25 орындық партасын  тарту етті.    

  Жас кәсіпкер ата-ана Абдиманапов Әділеттің тартуы кіші персоналды қуантып тастады.

  Мектебіміздің дәлізінің  терезелерінің сәнін  келтірген, жалюзилерді сыйға  тартқан   жоMarch ата –аналарымыз Доспамбетов Бақтияр мырзаға, Шаймерденов Айбек мырза, Абдраимова Айгерім , Бейсенова Динара, Салтыбаева Айнұр ханымға алғыс білдіреміз.

  «Жаңа Жылдық» шыршаны безендіруге көмегін  көрсеткен 8 «А» сыныбының жоMarch  ата-аналарын атап өткім келеді.