17
June
2022
Салтанатты аттестат тапсыру рәсімі өтті
«Жібек жолы» мектеп-лицейінде өткен салтанатты аттестат тапсыру рәсіміне Шу ауданы әкімінің орынбасары Бауыржан Батиханұлы мырза мен білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің әдіскері Маринова Баян ханым қатысып, түлектерді өмірлеріндегі ерекше қуанышты сәттерімен құттықтады.
«Жібек жолы» мектеп-лицейін бітіруші 39 түлектің арасынан 4-еуі «Алтын белгі», 2-еуі «Best аттестат» иегері атанып отыр. Ал негізгі орта білім алушы 60 түлектің арасынан 5-еуі «Best аттестат» иегері атанды.
– "Бүгін Сіздер үлкен өмірдің алғашқы баспалдағынан өтіп, биік сатыларына қадам басқалы тұрсыздар. Біз Сіздерден жаңалыққа жаны құмар, әлемнің көшіне ілесетін, озық ойлы жастар ретінде үлкен үміт күтеміз. Жаңа Қазақстанның негізгі тірегі де өздеріңіз. Тарихы тереңнен сыр шертетін қасиетті Шу өңірінің айбынын асқақтата беріңіздер. Ендеше, қай кезде де терең білім алу жолында жалықпай, талMay ізденіп, ел тізгінін ұстайтын азамат болуларыңызға тілектеспін, – деп аталған білім ордасының директоры Джанғарашева Ардақ Төлепбайқызы ізгі лебізін білдіріп, түлектерге салтанатты түрде аттестат табыстады.
Салтанатты шараның соңы мектеп бітіруші түлектердің «Қош бол, мектебім!» әнімен жалғасты.