21
March
2022
Қош келдің,әз Наурыз!
Күн мен түннің теңеліп, малдың аузы көкке тиген ырыстың басын қосқан қазақ елі үшін қымбат мереке «Ұлыстың Ұлы күні» келіп жетті. Дәл осы күні айнала көкжиекке оранып, тіршілік атаулысы қайта түлеп жаңарар атаулы мерекені “Жібек жолы” мектеп лицейі “Төле би “атындағы мектеп және “Макаренко “мектебі кең көлемде атап өтті.Жиылған көпшілікке дастархан жайылып, ұлттық тағам «наурыз көже» ұсынылып , күріш таратылды. Қалың көпшіліктің батасын алып, әуезді ән, бимен аяқталды. Келген қонақтар рақмет айтып мереке әдемі көңіл күймен есте қалды.
Жақсылық пен ізгіліктің бастауы болған Наурыз мерекесі баршамызға құтты болсын!
Жақсылық пен ізгіліктің бастауы болған Наурыз мерекесі баршамызға құтты болсын!









