Тәуелсіздікке 30 жыл. Сурет байқауы » Жібек жолы мектеп-лицейі
Zhambyl region
Municipal public institution
"Жібек жолы мектеп-лицейі"
Education Department of Shu district
Reception room :
+7(72643)2-20-52
Әкімші бөлімі:
+7(72643)2-19-76
Version for
visually impaired
» » Тәуелсіздікке 30 жыл. Сурет байқауы
14
December
2021

Тәуелсіздікке 30 жыл. Сурет байқауы

Тәуелсіздігіміздің отыз жылдығына орай «Тәуелсіздік тұғыры» атты тақырыбындағы сурет байқауы 1 – 4 сынып оқушыларының арасында ұйымдастырылды. Main мақсат – өскелең ұрпақтың Отанын, елін, жерін сүюге тәрбиелеу, балаларды жалпыазаматтық құндылықтарға және мәдениетке тарту, сондай-ақ талапты шәкірттердің суретшілік өнерін дамытуға және көпшілікке насихаттауға бағытталған болатын.
Әрбір суреттің ерекшелігі мен мағынасы бар және зор ынтамен салынған. Ұсынылған жұмыстардан таңдап алынған тақырыпқа жеке көзқарастарды көруге болады. Бұл байқау балалардың арманы мен қиялының шексіз әлем екендігін танытқаны даусыз. Олардың жұмыстарындағы тәуелсіздік тақырыбы сан қырынан баяндалады.
«Тәуелсіздік тұғыры»  тақырыбында ұйымдастырылған байқаудың қорытындысы шығарылып, оқушыларға алғыс хаттар мен грамоталар берілді.