«Жүрегімді балаларға беремін....»жас мамандар байқауы өтті » Жібек жолы мектеп-лицейі
Zhambyl region
Municipal public institution
"Жібек жолы мектеп-лицейі"
Education Department of Shu district
Reception room :
+7(72643)2-20-52
Әкімші бөлімі:
+7(72643)2-19-76
Version for
visually impaired
» » «Жүрегімді балаларға беремін....»жас мамандар байқауы өтті
04
May
2021

«Жүрегімді балаларға беремін....»жас мамандар байқауы өтті

2021ж. 30 сәуірі күні «Жібек жолы мектеп-лицейі» КММ жас ұстаздардың біліктілігін, өз кәсібінің жан-жақты шебері екендігін сынау арқылы оларды іскерлікке, мәдениеттілікке, өз кәсібіне үлкен жауапкершілікпен қарауға бар күш- жігерін жұмсауға баулу мақсатында жас мамандар байқауы ұйымдастырылып өткізілді.
Байқауға педагогикалық еңбек өтілі 0-1 жыл арасындағы мектептің жас мамандары қатысты: физика пәнінің жас маманы- Берікбай Б.(тәлімгері М.Жакаев), математика пәндерінің жас мамандары: Калден А.(тәлімгері Б.Джанкиева) мен Тастанова А. (тәлімгері С.Ермекбаева), химия пәнінің жас маманы Н.Джуманбаева (тәлімгері А.Толеуова), мектепалды даярлық тобының жас жетекшісі Төлеу А. (тәлімгері Г.Ибраева), биология пәнінің жас маманы Е.Айтмахамбетова (тәлімгері А.Жолшыбек), өзін-өзі тану пәнінің жас маманы Ногайбай А. (тәлімгері Р.Ордабаева).
Байқау барысында білім беру мекемесінің жас мамандарының кәсіби шеберліктері мен жеке басының сапасын (шығармашылық, суырып салмалық қасиеті, өз бетімен ізденушілік, талапкерлік және т.б.)анықтау мақсатында әділқазылар алқасы мүшелігіне аудандық кәсіподақ комитетінің төрайымы А.Бекмурзина шақырылды.
Байқау жоғары деңгейде өткізіліп, шара жеңімпаздары анықталып,түрлі дәрежедегі орындар мен номинациялармен марапатталды. Өз кезегінде аудандық кәсіподақ комитеті түрлі естелік сыйлықтарын табыс етілсе, бас жүлдені иеленген ЕркеMay Айтмахамбетова «Нұр Отан» партиясы Шу аудандық филиалының төрағасының бірінші орынбасарының мадақтама грамотасымен марапаталды.
«Жүрегімді балаларға беремін....»жас мамандар байқауы өтті