15
March
2021
Олжас Сүлейменовтың 85 жас мерейтойы
Ағымдағы жылдың 12 наурыз күні Қазақстанның Халық жазушы, ақын, тілтанушы, саясаткер Олжас Сүлейменовтың 85 жас мерейтойына орай "Мәдени мұра" үиірме жетекшісі З.Ернаурызовтың ұйымдастыруымен 9 "а" және 9"б" сынып окушыларымен " Әлем адамы" тақырыбында зияткерлік ойын өткізілді. Зияткерлік ойынның басты мақсаты жас ұрпақты Олжас Сүлейменовтың елінің болашағы үшін жасаган ерен еңбектері, баға жетпес құнды шығармалары туралы мағлұматтар беру арқылы, жастардың Отанға деген патриоттық сезімдерін ояту, ғасырлар бойғы тарихымызды ұлықтауға,оны сақтауға, ұлтжандылық қасиеттерін нығайтуға, еліміздің нағыз патриоты болуға тәрбиелеу болып табылады. Зияткерлік ойын барысында екі топтан құрылған команда мүшелері халық жазушысы туралы жан-жақты мағлұматтар айтып,берілген сұрақтарға мүдірмей жауаптарын беріп, өз біліміндерімен сайысқа түсті. Сайын нәтижесі бойынша жеңімпаз топ анықталып, екі топта мақтау қағаздарымен марапатталды.



