Ауған Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 32 жыл » Жібек жолы мектеп-лицейі
Zhambyl region
Municipal public institution
"Жібек жолы мектеп-лицейі"
Education Department of Shu district
Reception room :
+7(72643)2-20-52
Әкімші бөлімі:
+7(72643)2-19-76
Version for
visually impaired
» » Ауған Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 32 жыл
17
февраль
2021

Ауған Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 32 жыл

Ауған Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 32 жыл
Шу қаласы, "Жібек жолы мектеп-лицейі". Ауған Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 32 жыл толып отыр.Осыған орай жылдық жоспарға сәйкес Ауған соғыс ардагерлерімен
"Ауғанстан ардагерлеріне тағзым! " тақырыбында кездесу өткізілді. Кездесуге : Қуанышбаев Қайрат Қордабайұлы, Турысбаев Мұрат Рзаханұлы қонаққа шақырылды.




Кездесу барысында Тәуелсіздік жолында күрескен ағаларымыздың ерлігін кейінгі ұрпаққа үлгі ете отырып, оқушылардың бойында ұлтжандылыққа, Отанын сүюге тәрбиелеу болды. Іс шара барысы гүл шоғын қою рәсімімен басталып, ары қарай келген қонақтарымызға жылы лебізін, шексіз алғысын мектеп-лицейіміздің директоры
А.Т. Джангарашева сонау Ауған жерінде қару асынып мұң арқалаған сын сағаттарда бірін-бірі бауыр дескен азаматтар бүгінгі күні еліміздің түкпір-түкпірінде еңбек етіп жүрген ағаларымызға ұзақ ғұмыр , денсаулық, жанұяларына аманшылық тілегін білдірді. Мектеп ұстаздары дайындаған "Қанжардан құтқарған қазақ әні"Той жыры " көрінісі, ән шашуларда орын алды. 10-11 сыныптың ұлдарына әскер қатарына тіркелу күәліктерін табыстау қадірлі қонақтарымыз салтанаты түрде тапсырды. Кездесудің 2-ші бөлімі мектептер арасындағы волейболдан жолдастық кездесумен жалғасын тапты.