ZERDELI- ақыл-ойды дамыту орталығы » Жібек жолы мектеп-лицейі
Zhambyl region
Municipal public institution
"Жібек жолы мектеп-лицейі"
Education Department of Shu district
Reception room :
+7(72643)2-20-52
Әкімші бөлімі:
+7(72643)2-19-76
Version for
visually impaired
» ZERDELI- ақыл-ойды дамыту орталығы
15
февраль
2021

ZERDELI- ақыл-ойды дамыту орталығы

ZERDELI- ақыл-ойды дамыту орталығы
«Зерделі» ақыл-ойды дамыту орталығының директоры Ырысбек Мәуіттің айтуынша, биылғы UNT-ға оқушыларды дайындау пандемияға байланысты алғаш рет онлайн форматта өтіп отыр. Орталықтың басты мақсаты – баланы даму әлеміне енгізу болса, басты бағыты – балаға сапалы білім, саналы тәрбие беріп қана қойMay, оған қоса, баланың жан-жақты дамуына жағдай жасау. Осы бағытты қолдану арқылы бала жігерінің дамуына, өз бетінше ізденуіне және жеке тұлға ретінде қалыптасуына басты назар аударылады.
«Жібек жолы мектеп-лицейі» КММ 11 сынып оқушылары UNT-ға әзірлену мақсатында «Зерделі» орталығының курсатарына қыркүйек айынан қатысып келеді. Бұл курстардың техникалық мүмкіндігі өзгеше деуге болады. Шетелдік ең озық инновациялық технологиямен жабдықталған студиядада өтті. Тікелей трансляцияның сапасы, байланыс мүмкіндігі, ғаламтор жылдамдығы да жоғары деңгейде. Курстардың академиялық тазалығына баса мән беріліп отыр. Әр сұраққа берілген уақыт – 3 минут. Сұрақтардағы 6 жауаптың 1, 2, 3 жауабы дұрыс болуы мүмкін. Шешімі қиындатқан сұрақтарға қосымша уақыт бөлініп, терең түсіндірме жұмыстарымен жалғасып отырды. Курс соңында арнайы іріктеп алынған үздіктерге жаттығулар кітапшасы табыс етілді.