«Жібек жолы» мектеп-лицейі КММ «Шылым шегудің адам ағзасына зияны » іс-шара » Жібек жолы мектеп-лицейі
Zhambyl region
Municipal public institution
"Жібек жолы мектеп-лицейі"
Education Department of Shu district
Reception room :
+7(72643)2-20-52
Әкімші бөлімі:
+7(72643)2-19-76
Version for
visually impaired
» «Жібек жолы» мектеп-лицейі КММ «Шылым шегудің адам ағзасына зияны » іс-шара
07
февраль
2019

«Жібек жолы» мектеп-лицейі КММ «Шылым шегудің адам ағзасына зияны » іс-шара

«Жібек жолы» мектеп-лицей кітапханасы                                           «22» қаңтар 2019 ж.   

Шақырылғандар: Шу ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің дінтанушысы – СMayлов Мырзабек Жұмабекұлы                                                         Тәрбие жөніндегі директор орынбасары - Ордабаева Р. Р.                                       Психолог - Сахметова М. Т.                                                                                                                                       Мектеп ішілік мед.бике – Кусаинова Г. К.

Қатысқандар: Кітапханашылар және 8 «Б» сынып оқушылары

Мақсаты: Темекінің ағзаға тигізетін кері әсерін және одан туындайтын ауру түрлерін айта отырып, зиянды әсерін ашу. Шылым шегудің зиянды жақтарын аша отырып, одан жиіркенуге, темекі - у екенін айтып, ұжым болып жұмыс істеуге тәрбиелеу. Салауатты өмір салтын қалыптастыру, жат қылықтан, зиянды заттардан барынша аулақ болуға шақыру,тәрбиелеу.

         22 қаңтар күні «Шылым  шегудің адам ағзасына зияны - қоғамның өзекті мәселесі» атты іс-шара өткізілді.

         Іс-шара барысында кітапханашының кіріспе сөзі ретінде келешек ұрпаққа тәрбиелік мәні зор бейнекөрсетілім көрсетілді.Бейнекөрсетілімде денсаулыққа,жеке адамға және қоғамға түзелмейтін зиян келтіретін қоғамдағы әлеуметке жат мінез-құлықтың нысандары ретіндегі шылым шегудің,нашақорлықтың, уытқұмарлықтың, маскүнемдіктің (әсіресе,жастардың арасында) проблемалары мен құбылыстарын зерделеу және бос уақыттарын тиімді пайдалану өмірдің дұрыс жағын қолдануы жете айтылды.                                                                                                                 Психолог- Сахметова М. сергіту тренингі өткізді "Қолшатыр” (атауы)

Шу ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің дінтанушысы – СMayлов Мырзабек Жұмабекұлына сөз берілді.Сөз барысында қоғамдық және діни ұйымдардың, қорлардың шылым шегу және басқа да зиянды әдеттердің алдын алу және олармен күресу жөніндегі бағдарламамен таныстырып, пайдалы ақыл кеңесімен бөлісіп.                                                                                          Сөз соңын, Бауыржан Момышұлының қанатты сөзімен қортындылады: 
       Ежелден ер тілегі – ел тілегі. Адал ұл ер боп туса – ел тірегі.

       Іс-шара соңында оқушылармен «Мандала» атты тренинг өткізілді. Тренингі барысында бір-біріне жақсы лебіздерін білдіріп жағымды қылықтарын айтты. Оқушылар кештен түйіндеген кеңестерімен бөлісті.Мектебіміздің орта буын оқушыларымен өткізген әңгіме-сұхбат кешіміз өз деңгейінде өткізілді.Алда жоғарғы буын ұлдарыменде кеңейтілген конференция өткізіліп жалғасын тапса деген ұсыныс түсті қатысушылардан.

 

 


 

 

 

 

 

Тиімділігі 23 оқырман қамтылды.

 

Хаттаманы жүргізуші  кітапхана меңгерушісі:                                          Ж.А.Суюмбаева